2017 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.
Министрлер кабинетінің басшысы «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-да болды. Сапар барысында үкімет делегациясы энергетикалық цехта болып, онда шығарылатын өнім түрлерімен және өндіріс барысымен танысты.
«ПЗТМ» АҚ бас директоры мемлекеттің қолдауымен кәсіпорынды одан әрі технологиялық жаңғырту жоспарлары туралы хабарлады.
Сондай-ақ Премьер-Министрге «ПЗТМ» АҚ-да өндірілген мұнай-газ ұңғымаларын күрделі жөндеуге арналған көтергіш қондырғылардың экспозициясы ұсынылды.
Іс-шара бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланды.
Ақпараттық-аналитикалық блок
«PZTM» АҚ маркетинг және сату департаменті