Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«ПАМЗ» АҚ қызметкерлері кәсіби конкурстарда жүлделі орындарға ие болды

«Еңбек күніне» арналған іс-шаралардың құрметіне «ПАМЗ» АҚ қызметкерлері кәсіби конкурстар аясында жүлделі орындарға ие болды.

«Еңбек жолы» байқауының республикалық кезеңінде «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша 2-сынып шебері Әлібек Уатаев үшінші орынды иеленді. Ол 2019 жылдан бастап «Қазақстан инжиниринг» Компаниялар тобының кәсіпорнында еңбек қызметін жүзеге асыруда.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын конкурс өткізеді. Ол ең жақсы еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтайды. Жобаның мақсаты-еңбекке құрметпен қарайтын белсенді, сауатты, патриоттық жас мамандарды тәрбиелеу.

Өз кезегінде «Үздік шебер -2023» қалалық кәсіби шеберлік байқауы аясында «ПАМЗ» АҚ токарі Мыльников Виталий өз номинациясында жеңімпаз атанды.

Кері қайту