Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасымен 2024 жылға арналған жоспарлары туралы сұхбаты

Теміржан Қайратұлы, жаңа жобалар мен өндірістерді жүзеге асыруды жоспарлап жатырсыздар ма?

Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ - бұл зауыттарының бір бөлігі қорғаныс тапсырыстарын орындай алатын машина жасау холдингі. Бұл орайда біз үшін ең бастысы - тұтынушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету. Яғни, тапсырыс берушміздің талап еткен сұрауын өндіру және жеткізу.

Заманауи және жақсы жабдықталған зауыттарда азаматтық өнімдерден әскери өнімдерге дейін - көптеген өнімдерді шығаруға болады. Осы жылға арналған барлық өндірістік жоспарларды санамалдамай, сөзбе-сөз бірнеше мысалға шолу жасасақ:

  • «ПАМЗ» АҚ-та мұнай-газ саласы үшін техниканы жеткізуге тендерлер ұтып алынды - бұл көлемдер алдағы бірнеше айда орындалатын болады. Сонымен қатар, әскери тапсырыс берушілердің қажеттіліктері үшін заманауи шешімдер жасау жұмыстары жалғасуда. Транспорттық-тиеу машинасының алғашқы үлгілері шығарылды.
  • «Зенит» Орал зауыты» АҚ-та ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің қажеттіліктері үшін көпфункционалды кемені өндіру бойынша жұмыс жалғасуда. Орал қаласында кемені суға түсіру үшін тиісті инфрақұрылым дайындалады. Бұл үлкен және мағыналы жоба.
  • Өткен жылы «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ-та мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша 3559 дербес компьютер жиналып, жеткізілді және де осындай бағыттағы жұмыс ағымдағы жылы да жалғасатын болады. Сондай-ақ байланыс құралдарын, ҰҰА және т.б. жөндеу бойынша тапсырыстар орындалады.
  • Біздің патрон зауытымыз («Steel Manufacturing» ЖШС) 9х18 мм және 9х19 мм калибрлі тапанша патрондарын сәтті шығару барысында. 5,45х39 мм және 7, 62х54R калибрлі винтовка патрондарын өндіру желісін іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Зауытта 5,45х39 гильзасы сәтті шығарылып, патронды сынау аяқталуда.
  • «Қазақстан Aselsan инжиниринг» ЖШС DMR Tier III стандарттарының кәсіби цифрлық радиостанцияларын, сондай-ақ байланыс, IP-телефония жүйелерін шығаруды жалғастырады.

Сонымен қатар, үлкен өршіл жоспарлар да бар. Мысалы, біздің түрік әріптестерімізбен бірге жасалатын Каспий теңізіндегі кеме жасау зауытының жобасы. Бұл жобаның маңыздылығын барлығы біледі.

«ҚАИ» авиациялық зауытының жұмысын толық трансформациялау және жақсарту және авиациялық оқу орталығын («Жоламан» АОО) дамыту Астана қаласында авиациялық-техникалық орталық құруға жағдай жасайды.

Ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс саласын дамыту жолындағы маңызды қадам - Түркия мен Сербиядан келген технологиялық серіктестерімізбен бірге атыс және артиллериялық қаруды құрастыру жөніндегі бастамамыз. Жылдың ортасына дейін минометтің прототипін көрсетеміз.

«ШАҒАЛА-М» ҰҰА өндірісінің меншікті жобасы, «КАРАКУС» коптерлері, сондай – ақ ҚХР-дағы серіктестерімізбен ҰҰА-ның лицензиялық құрылымы биылғы жылы алғашқы жемістерін беруі тиіс.

Камикадзе дронының FPV прототипі дайын. Сынақтарды жүргізіп жатырмыз.

Айтпақшы, біз ұшқышсыз ұшу аппараттарының кейбір бөлшектерін 3D принтерлерде шығардық. Холдингте қосымша өндірісті дамыту да биылғы жылдың басымдығы болып табылады.

Компания квазимемлекеттік меншікті жекешелендіру жөніндегі Үкімет қаулысын орындау шеңберінде қандай шаралар қолданып жатыр?

2020 жылдың соңында Үкімет 2025 жылға дейін жекешелендірудің Кешенді жоспарын бекітті, оның шеңберінде Компания белгіленген тәртіппен өз активтерін бәсекелестік ортаға беру бойынша жұмыс жүргізуде. 2023 жылы Кешенді жоспардың орындалуы 80% құрады, бірақ 2024 жылға қарай біз жоспарды 100% орындауға тырысатын боламыз.

Сонымен қатар, активтерді қайта құрылымдаудың және Компания активтерінің құрылымын оңтайландырудың ішкі жоспарында тағы 3 активті сату көзделген, оның 2-уі 2023 жылы сатылған және 1 актив биыл сатылады деп жоспарлануда.

Ағымдағы жылы Министрлік пен Үкімет алдымызға қойған жекешелендіру жөніндегі барлық міндеттерді орындауды жалғастырамыз.

Компания тұрақты даму принциптерін (ESG) енгізу үшін қандай қадамдар жасауда?

Қазіргі әлемде барлық ұйымдар тұрақтылық пен жауапкершілік принциптерін өз қызметіне енгізудің маңыздылығын түсінеді. ESG принциптері Компаниямыз үшін қаржылық тұрақтылыққа ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға және қоғамға оң әсер етуді көздейтін бағдар болды.

Орнықты даму саясатындағы стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін біз экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерді қамтитын мақсаттарды, міндеттерді және қағидаттарды айқындадық. Осылайша, тұрақты даму принциптерін күнделікті бизнес-процестер мен корпоративтік шешімдерге енгізу арқылы өз кәсіпорындарымыздың қызметін олардың тұрақты дамуына біртіндеп бейімдейміз.

Компанияның экологиялық жауапкершілігінің элементтерінің бірі - жыл сайын қалалық сенбіліктер мен ағаш отырғызуға қатысу. Ал энергетикалық және су ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі мақсаттар 2024 жылға холдинг бойынша бағдарлар болып табылады.

Осы кезеңдегі экономикалық компонент - бұл бүкіл холдингтің кәсіпорындарына ең жақсы шарттарда қаржылық қолдау көрсету мақсатында Компанияның өзінің ескі борыштық міндеттемелерін толық өтеуге бағытталуы.

Әлеуметтік компонент - бұл бүкіл холдинг үшін басымдық. Мысал ретінде, бірлікті, командалық рухты нығайту және салауатты өмір салтын қолдау үшін біз саламыздың барлық ұйымдары арасында спорттық іс-шаралар мен турнирлер өткіземіз. Сондай-ақ, маусымға байланысты шаңғы, хоккей, жүгіру және т.б. өтеді.

Сонымен қатар, Компания мемлекеттік тілді дамытуға, тұрақты қайырымдылық көмек көрсету мүмкіндіктерін іске асыруға, өз қызметкерлерін жыл сайын оқытуға белсенді ұмтылады.

2024 жылы ЕТҰ-да ESG қағидаттарын енгізу бағдарламасы белсенді түрде өтеді. Біз бүкіл корпоративтік портфель шеңберінде орнықты дамудың бірыңғай стандарттары мен тәсілдерін белгілеуге бағытталғанбыз.

Осы тәсілмен біз тұрақты бизнес құрып қана қоймай, сонымен қатар серпінді және бәсекеге қабілетті бизнес әлемінде ұзақ мерзімді табысқа қолайлы жағдайлар жасай отырып, қоғамдық әл-ауқат пен экологиялық тұрақтылыққа инвестиция саламыз.

Ал еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қатысты не дейсіз?

Біз қызметкерлер үшін қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасауға және қауіпсіздік пен денсаулық саласындағы кез-келген тәуекелдің мүмкіндігін болдырмауға тырысамыз. Біздің бизнес-модель жұмыс істеп тұрған еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіре отырып, біртіндеп өзгеруде. Мысал ретінде, 2023 жылы Компаниялар тобының қызметкерлері арасында төтенше жағдайлар мен жарақат алу жағдайлары мүлдем болмады, бұл қолданыстағы нормалар мен ережелердің, сондай-ақ осы бағытта жүргізіліп жатқан іс-шаралардың оң әсерін көрсетеді. Ағымдағы жылы осы бағытты дамытуды және жетілдіруді жалғастырамыз, өзіміз үшін оқиғалар мен жарақаттанудың боламауын мақсат етеміз.

Сондай-ақ, Компания өз міндеттерін орындау кезінде немесе міндеттерін орындауға әсер ететін қызметкерлердің алкогольдік ішімдіктерді тұтынуына нөлдік төзімділік принципін ұстанатынын атап өтемін. Биыл біз алкогольге қарсы саясатты бекітеміз. Басылымдардан байқай отырсаңыз, қызметкерлер салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылады.

Қазіргі уақытта берешекті өтеу бойынша қандай шаралар қабылдануда?

Бұрын айтылғандай, шұғыл міндеттердің бірі - Халық банктегі ескі несиелермен есеп айырысу. Өткен жылы біз Банк пен «Самұрық-Қазына» алдындағы қарызды 23,5 млрд. теңгеден 9 млрд. теңгеге дейін азайттық.

Қазіргі уақытта біз өз міндеттемелерімізді тиісінше орындау және ескі қарыздарды жабу бойынша кешенді шараларды ұсынамыз.

Персоналды дамыту бөлігінде қандай жұмыс жүргізіліп жатыр? 2024 жылы қызметкерлерге арналып не жоспарлануда?

Персоналды дамыту кәсіби және жеке құзыреттерді арттыру үшін міндетті түрде қажет. Бұл, мысалы, олар болашақта жұмыс процесінде қолдана алатын дағдыларды шыңдау, жеке қасиеттерді дамыту.

Кәсіби дағдыларды бағалау мақсатында аттестаттау сәтті өткізілгенін атап өткім келеді, онда барлық қызметкерлер өздерінің кәсіби дағдыларын меңгеру деңгейін растады.

Биылғы жылы тәлімгерлік, қажетті қолдау көрсету және Компанияның корпоративтік мәдениеті мен құндылықтарына белсенді тарту арқылы жаңа, жас қызметкерлерді жұмыс ортасына бейімдеу және біріктіру процесіне ерекше назар аударылатын болады.

Мен біздің холдингтің болашағы үшін жас, техникалық кадрларды тәрбиелеу мен дамытуды мақсат етемін.

Кері қайту