Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Премьер-Министр СҚО-дағы «Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобының зауыттарына барды

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, «Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобының зауыттарын аралады.

Үкімет басшысы облыстың өнеркәсіптік әлеуетімен танысуды «С. М. Киров зауыт» АҚ-қа барудан бастады. Премьер-Министр әртүрлі өнім түрлерін өндіру үдерісімен егжей-тегжейлі танысты, сондай-ақ желіні кеңейту және өндірістік қуаттарды ұлғайту жөніндегі алдағы жоспарлар туралы ақпарат алды.


Сонымен қатар, Олжас Бектенов «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-тың технологиялық жаңғырту нәтижелерімен танысты. Кәсіпорын мұнай-газ, энергетика және теміржол салаларында қолданылатын өнімдердің кең желісін шығарады.

Премьер-министр өндірісті жергілікті қамту қажеттігін айтып, Үкімет отандық зауыттар өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қолдау шараларын қабылдап жатқанын атап өтті.

Кері қайту