Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» АҚ компаниялар тобы зауыттарының қызметкерлері су тасқынына қарсы күреске қатысып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында су деңгейінің жоғарылауы салдарынан су тасқынының алдын алу үшін су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жүргізу жалғасуда. Халықты қорғауды күшейту үшін қолданыстағы қорғаныстық құрылыстарды нығайту және жаңасын құру бойынша жедел шаралар қабылдануда.

«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ және «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ сияқты «Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобы кәсіпорындарының қызметкерлері су тасқынымен күресу процесіне кірісіп кетті.

«ПЗТМ»  АҚ- тан 200-ден астам адам және «ЗИК» АҚ 100-ден астам адам бөгет салуға, аумақтарды нығайту және күшейту үшін құм мен саз салынған қаптарды дайындауға және жеткізуге белсенді қатысып жатыр.

Бүгінгі таңда су тасқыны қаупіне тиімді жауап беру үшін барлық қатысушы құрылымдар арасында тұрақты дайындық пен үйлестіруді сақтау аса маңызды.

Кері қайту