Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтайтын «Еңбек жолы» байқауын өткізеді. Жобаның мақсаты – еңбекке құрметпен қарайтын белсенді, сауатты, отансүйгіш жас мамандарды тәрбиелеу.
Биыл «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясында бірінші орынды «ПАМЗ» АҚ ұжымының қызметкері Әлібек Уатаев иеленді.
25 жастағы Әлібек Уатаев М. Қозыбаев атындағы СҚУ түлегі. «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» мамандығы бойынша оқыды. 2019 жылдан бастап «Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобының кәсіпорнында жұмыс істейді.
Ол өз номинациясы бойынша жеңімпаз ретінде «Еңбек жолы» байқауының республикалық кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысының атынан шығып, бас жүлдені сарапқа салады.