ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың Қытайға сапарының қорытындысы бойынша қытайлық серіктестермен Қазақстанда ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыру туралы уағдаластықтар жасалды.
Алғашқы прототиптер «ПАМЗ» АҚ-та жиналды және көрсетілді. Кәсіпорын базасында кәсіпорынның Қытай тарапымен бірлесіп құрастырған ұшқышсыз ұшу аппараттарының жаңа буынының 4 түрі көрсетілді.
Айта кетейік, жалпы бағдарлама аясында одан әрі ынтымақтастық туралы өндірісті, сондай-ақ оқыту орталығын дамыту жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейік, «Авиациялық оқу орталығы» ЖШС «Қазақстан инжиниринг» еншілес ұйымы болып табылады және ҰҰА операторларын оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді.