Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір

Кәсіпорын туралы

АО «ПЗТМ»

«ПЗТМ» АҚ - Тапсырыс берушінің қалауын ескере отырып, МЕМСТ, ОСТ, СТРК, ТЕМА, ASME және API стандарттарына сәйкес қазіргі заманғы технологиялар негізінде мұнай-газ өндіру, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химия, химия, газ, энергетика және өнеркәсіптің басқа салаларына арналған жабдықтарды дайындау бойынша Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорында әртүрлі жабдықтарды шығару үшін қажетті барлық технологиялық бөліністері бар өндірістік қуаттар бар.

«ПЗТМ» АҚ өндірілетін өнімнің барлық түрлеріне бас лицензиялары бар. 2003 жылдан бастап кәсіпорын TUV CERT компаниясымен ИСО 9001 мемлекеттік стандарты мен EN ISO 9001 халықаралық стандарты талаптарына сәйкес сертификатталған.

Осы уақытта «ПЗТМ» жабдықтардың әр түрін шығаруға қажетті барлық технологиялық қайта өңдеуімен көп салалы өндірістік қуаттары бар.

Тарихы

Бірінші өнім

1948 жылғы 5 қарашада Одақ Министрлер Кеңесінің №4137-1658 Қаулысына сәйкес Қазақстанның солтүстігінде машина жасау кәсіпорны құрылысы туралы шешім қабылданды.  1960 жылдың қыркүйегінде алаңында алғашқы зауыт өнімі АПП-125 астық тиегішін дайындау өріс алған бірінші корпус пайдалануға тапсырылды. Астық тиегіштердің тауарлық партиясы 1961 жылғы 30 наурызда жасалды. Осыдан бастап Петропавл ауыр машина жасау зауытының өндірістік жұмысы есебі басталды.

Әскери техниканы өндірудің басталуы

1962 жылғы   5 маусымда көліктік-түйіспелік арбаның алғашқы үлгілері аяқталып, сыналды. Қабылдау-тапсыру комиссиясы қорғаныс техникасына және  пайдалануға жарамдылық туралы қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы шешім шығарды. ПЗТМ-де әскери техника өндірісінің қырық жылдық  кезеңі басталды, ол кәсіпорын шығаратын өнімнің 90%  құрады.

Зымырандар

Әскери-өнеркәсіптік кешен жүйесінде құрылған Петропавл ауыр машина жасау зауыты екі бағыт бойынша мамандандырылды: зымырандар және олардың құрама бөліктері, жер үсті жабдықтары және түрлі типтегі зымыран кешендері. ПЗТМ «Темп-С» кешені балластикалық зымыранның, «Точка» және «Точка-У» кешені зымыранының бірінші және екінші сатыларының қозғалтқыштар тұрқын, «Ливень» кешенінің қайыққа қарсы гравитациялық снарядтарын, зерттеу және метеорологиялық зымырандарды өндірген.

Жедел-тактикалық зымыран кешені

1965 жылғы мамырда, КСРО Министрлер Кеңесінің және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің өзі жүретін іске қосу қондырғыларының доңғалақты нұсқасының сериялық өндірісін ұйымдастыруды қамтамасыз ету туралы Қаулысына сәйкес, ПЗТМ-де «СКАД» зымыран кешенінің бастапқы агрегаттарының алғашқы партиясы жиналды.

1979 жылы  ПЗТМ-де «Ока» жедел-тактикалық кешенінің алғашқы іске қосу қондырғылары мен көліктік-оқтау машиналары жасалып, әскердің қарулануына берілді.

1977 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» жаңа техниканы жасау, сынау және өндірудегі үлкен сіңірген еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

ПЗТМ «Точка», «Точка У» жедел-техникалық кешенінің толықжинақты өндірісі   жөніндегі басты кәсіпорын болып табылған. Зымыранның сериялық өндірісі  1973 жылы басталды.

1993 - 1995 жылдары «Точка-У» зымыран кешендерімен Қазақстанның Қарулы Күштері жарақтанды.

КӘСІПОРЫН БҮГІН

«ПЗТМ» АҚ - Тапсырыс берушінің қалауын ескере отырып, МЕМСТ, ОСТ, СТРК, ТЕМА, ASME және API стандарттарына сәйкес қазіргі заманғы технологиялар негізінде мұнай-газ өндіру, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химия, химия, газ, энергетика және өнеркәсіптің басқа салаларына арналған жабдықтарды дайындау бойынша Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорында әртүрлі жабдықтарды шығару үшін қажетті барлық технологиялық бөліністері бар өндірістік қуаттар бар.

«ПЗТМ» АҚ өндірілетін өнімнің барлық түрлеріне бас лицензиялары бар. 2003 жылдан бастап кәсіпорын TUV CERT компаниясымен ИСО 9001 мемлекеттік стандарты мен EN ISO 9001 халықаралық стандарты талаптарына сәйкес сертификатталған.

2006 жылдың шілде айында қысыммен жұмыс істейтін бойлер мен ыдыстарды дайындау кезінде талаптарды сақтау бойынша Американдық механиктер инженерлері қоғамы (ASME) кәсіпорынның сапа жүйесін сертификаттады. ASME таңбасы және «U» мөртабаны бар өнімдерді дайындауға рұқсат беретін сертификат берілді. 2018 жылы «U» және «R» мөртабанын алуға сәтті қайта сертификаттау жүргізілді.

«PFD» ағылшын фирмасымен және «JGC» жапон корпорациясымен серіктестік заманауи жылу алмастырғыш және сыйымды жабдықтар өндірісін игеру бойынша алға үлкен қадам жасауға мүмкіндік берді. «JGC Corporation» - мен Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта құру жөніндегі келісім-шарттарды және ТШО-ның екінші буын зауытын салу жөніндегі «PFD» - мен келісім-шартты іске асыру аталған компаниялар өкілдерінің қатысуымен бізге ASME, TEMA және API жаңа шетелдік стандарттары бойынша жабдықтарды жобалау мен жасауда жаңа сапалы деңгейге жетуге мүмкіндік берді.

1994 ж. бастап «ПЗТМ» АҚ темір жолдарды жөндеу және күту үшін жабдықтар мен жол құралдарын шығарады. 1999 ж. Ресейдің ЖБМ №1222  таңбасына құқық берілді және жылжымалы тіркеменің бөлшек қорына жауапты  сериялық өндіріс ұйымдастырылған.

2001 жылдан бастап біз «Geismar» француз фирмасымен - теміржолдарды салу және қызмет көрсету үшін машиналар мен жабдықтарды өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып жұмыс істейміз. Бұл қысқа мерзімде әлемдік стандарттарға жауап беретін жолдарды жөндеу және қызмет көрсету үшін жабдықтардың жаңа түрлерін өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Кәсіпорында аккредиттелген сынақ, орталық өлшеу зертханасы, метрологиялық қызмет жұмыс істейді, бұл тікелей кәсіпорында шығарылатын өнімнің барлық түрлерін сынауға мүмкіндік береді.

2007 жылдан бастап мұнай өндіру техникалары Ресей өнеркәсібінде қолдануға сертификаттау алды. Ресей мұнай компаниялары мамандарынан жоғары баға алынды.

Біздің кәсіпорын «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайсервис» ЖШС, «Oil Services Company» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ,  «Қазақтүрікмұнай» ЖШС жетекші қазақстандық және шетелдік кәсіпорындарға кен орындарын игеру, мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау және оларға қызмет көрсету үшін жабдықтар жеткізеді, Ресей компанияларына экспорттық жеткізілімдер жүргізеді.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Қазақ газ өңдеу зауыты» АҚ, «PetroKazakhstan Kumkol Resources» АҚ,  «PetroKazakhstan Oil Products» ЖШС, «Қазмырыш» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және «Балхашцветмет» ӨБ, «КазТрансОйл» АҚ, «Теңгизшевройл» ЖШС, «Емир-Ойл» ЖШС және басқа да көптеген кәсіпорындарда мұнай-газ өңдеу жабдықтары табысты пайдаланылуда.