Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«ПАМЗ» АҚ Бас директорын тағайындау

Петропавл қаласындағы «Петропавл Ауыр Машина жасау Зауыты» АҚ-ның Бас директоры болып Арман Сансызбайұлы Құлмағамбетов тағайындалды.

2023 жылғы 11 сәуірде тағайындау туралы шешімді «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі өткізген ашық конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша қабылдады.

А.С. Құлмағамбетов Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген, М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Темір жол көлігін ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша, сондай-ақ ҚазГЗУ-да «Құқықтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Теміржол машина жасау саласында үлкен тәжірибесі бар: еңбек жолын «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да ЕҚжТҚ инженері ретінде бастап және өндірістік-техникалық мәселелер бойынша басшының бірінші көмекшісі бола отырып, қызметінен жоғарлады.

Сондай-ақ BUREAU Veritas (HSE департаменті), «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС (Integra constracsn), «Өзбек металлургиялық комбинаты» АҚ, сондай-ақ «СТМ Қазақстан» ЖШС компанияларында жұмыс тәжірибесі бар.

Жұмыс барысында теміржол көлігі саласындағы шығындарды қысқарту бойынша бизнес-жүйені әзірледі және енгізді.

Кері қайту