Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан Республикасының мұнай операторлары» «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорындарына барды

Отандық өндірушілерді қолдау шеңберінде және «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорындарының өндірістік қуаттарымен танысу мақсатында 2023 жылғы 10-11 сәуір аралығында 30 маманнан тұратын «ҚР Мұнай операторларының» әсерлі делегациясы алғаш рет «ПАМЗ» АҚ мен «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ-ға барды. 

«ҚР Мұнай операторлары» делегациясының құрамына келесі ұйымдар кірді:

  1. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ;
  2. «Ембімұнайгаз» АҚ;
  3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ;
  4. «Өзенмұнайгаз» АҚ;
  5. «ӨзенМұнайСервис» ЖШС;
  6. «Oil Service Company» ЖШС;
  7. «Қаражанбасмұнай» АҚ.

Бірінші болып делегация мүшелері қазіргі заманғы технологиялар негізінде мұнай - газ өндіру, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химия, химия, газ, энергетика және өнеркәсіптің басқа да салаларына арналған жабдықтар шығаратын Қазақстанның ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі – «Петропавл Ауыр Машина жасау Зауыты» АҚ-да болды.

Кәсіпорын «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «ТКжҰҚКБ» ЖШС, «Oil Services Company» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС және т. б. жетекші қазақстандық және шетелдік кәсіпорындарға кен орындарын игеру, мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау және қызмет көрсету үшін жабдықтар жеткізеді.

Өз кезегінде «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ шығарылатын өнімнің спектрі әр түрлі. Зауыт РВС КЛУБЫ мен радиостанцияларынан бастап БУШК-2м штангалық мұнай сорғысын басқару блогына дейін өнім шығарады.

Қайта құру, кешенді механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу, дамудың кешенді және әлеуметтік-экономикалық жоспарларын жүзеге асыру нәтижесінде зауыт өзінің тарихында заманауи техникамен жабдықталған ірі кәсіпорынға айналды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ «ҚазМұнайГаз» АҚ-ға отандық кәсіпорындарды тұрақты қолдағаны үшін, сондай-ақ мұнай өндіру және машина жасау салаларына арналған зауыттар шығаратын өнімдерге жоғары баға бергені үшін ерекше алғыс білдіреді.

Кері қайту