Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қорғаныс министрі қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарына барды

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов солтүстік өңірлерге жұмыс сапары кезінде «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ және «ПАМЗ» АҚ болды.

«С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ байланыс құралдарын, сондай-ақ, радиоэлектрондық күресті жеткізуді және жөндеуді жүзеге асырады. Қорғаныс министрі кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерімен танысты.

Өз кезегінде, «ПАМЗ» АҚ-да зымыран кешенін құру бойынша жұмысын ұсынды.

Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындауда отандық кәсіпорындар маңызды рөл атқарады. Қарулы Күштердің отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенімен өзара іс-қимылы ел үшін стратегиялық маңызға ие, өйткені бұл, ең алдымен отандық өндірісті қолдау және дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, демек, қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосады.

Кері қайту