Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Жаңа өндірістің тұсаукесері

2014 жылғы 2 шілдеде Индустрияландыру күнінде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының бірінші жартыжылдықтағы жобаларын іске асыру қорытындыларына арналған жалпыұлттық телекөпір өткізді. Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс істеп тұрған бірқатар нысандармен танысып, жаңа жобалар да Мемлекет басшысына таныстырылды. «Назарбаев орталығымен» тікелей хабарлар еліміздің бірқатар аймақтарынан жүргізілді. Олардың қатарында Солтүстік Қазақстан облысы да болды. Біздің облыс Қазақстанның машина жасау өнеркәсібінің флагманы «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-да энергетикалық қазандық жабдықтарын шығару жобасын ұсынды. Мемлекет басшысына кәсіпорынның бас директоры Қуаныш Бишімов сөз сөйледі. Қуаттылығы жылына 4 мың тонна дайын өнім шығаратын энергетикалық қазандық жабдығы өндірісін құру бойынша инновациялық жобаны жүзеге асырып жатқанымызды мәлімдеді. Соның арқасында қазақстандық қамту үлесін арттырып, экспортқа жол ашып жатырмыз. Жаңа кешен қазақстандық энергетиктердің сапалы құрал-жабдықтарға қажеттілігін толық қанағаттандыруға қабілетті. Жаңа өнімдер «PZTM» АҚ-ға экспорттық әлеуетті дамытуға және энергетикалық жабдықтардың ішкі нарығындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Ал, жалпы алғанда, жергілікті қамту үлесін 60 пайызға жеткізу.Өндірістің іске қосылуы қосымша 44 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Одан кейін салтанатты жағдайда желі іске қосылды. Іс-шара бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланды. Біздің зауыттың осындай шараға қатысуы «PZTM» АҚ Қазақстан Республикасының кәсіпорындары арасында заңды түрде алатын орнының маңыздылығын көрсетеді. Зауыт дамып, жаңа жобаларды жүзеге асырып, жетілдіріліп, тарихта өз ізін қалдыруда.

Кері қайту