Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Ұжымдық шарт

2020 жылғы 17 қыркүйекте «PZTM» АҚ-да Қоғамның 2020-2022 жылдарға арналған ұжымдық шартына қол қою рәсімі өтті.

Ұжымдық шарт жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеуші, зауыт қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын сенімді қорғаудың кепілі болып табылады. Құжатты әзірлеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қатаң сәйкес және Қазақстан Республикасының машина жасау және қорғаныс өнеркәсібінің 2020-2022 жылдарға арналған салалық келісімінің нормаларын сақтай отырып, бірнеше апта бойы жүргізілді.

Жұмыс берушінің атынан Шартқа «ПЗТМ» АҚ бас директоры А.Жуаспаев, қызметкерлер атынан Қоғамның кәсіподақ комитетінің төрағасы В.Зарубин қол қойды.

Кері қайту