Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«ПАМЗ» АҚ қызметкерлеріне қамқорлық жасау

«Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобы денсаулық сақтау бағдарламаларын белсенді қолдайды, әрі қызметкерлердің жұмысы мен демалысы үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауда жаңа бастамаларды енгізуде.

Кәсіподақ пен «ПАМЗ» АҚ әкімшілігінің бірлескен жұмыс шеңберінде шипажай-курорттық емдеуді ұйымдастыру ережесіне сәйкес 2011 жылдан бері алғаш рет зауыт қызметкерлеріне Балқаш көліндегі шипажайға 12 жолдама беру туралы шешім қабылданды.

Бірінші кезекте жолдамалар «ПАМЗ» АҚ кәсіпорнында елеулі өндірістік еңбек өтілі бар қызметкерлерге беріледі.

Балқаш көліндегі шипажайда қызметкерлер денсаулығын қалпына келтіріп, медициналық процедуралардың толық кешенін өте алады. Бұл - демалу және денсаулықтың жалпы деңгейін көтеру мүмкіндігі. Қалпына келтіру демалысынан кейін қызметкерлер жігерлі, әрі жаңа еңбек ерліктерін жасауға дайын оралады.

Кері қайту