Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басшылығы Петропавл қаласындағы өз зауыттарына барды

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басшылығы Петропавл қаласында «ПАМЗ» АҚ және «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ еншілес тәуелді ұйымдарымен жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес шеңберінде негізгі өндірістік көрсеткіштер, ағымдағы жобалар мен жоспарлы міндеттемелердің орындалуы, сондай-ақ азаматтық өндіріс желісі бойынша жаңа жобалар талқыланды.

«Самұрық-Қазына» АҚ-тың қазақстандық өндірушілерді қолдау және дамыту саласындағы жүргізіп жатқан саясатының арқасында «ПАМЗ» АҚ АПРС орнатуға арналған конкурстарда жеңіске жетті.

Айта кетейік, кәсіпорын көптеген жылдар аралығында алғаш рет мұнай-газ машина жасаудағы өз қызметін қайта жандандыруда, соның арқасында өндірісті белсенді дамытып, инвестиция тарта алады, сондай-ақ қазақстандық кадрларды дамытып, еңбек жағдайларын жақсарта алады.

Өз кезегінде «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ Қазақстанның күштік ведомстволарының қажеттіліктері үшін жаңа байланыс құралдарының, бейнебақылау камераларының, тасымалды телефон аппараттарының және т.б. прототиптерін әзірледі.

Кері қайту