Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«ПАМЗ» АҚ жайлы дұрыс емес ақпаратқа қатысты

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ интернет-басылымдардың бірінде «ПАМЗ» АҚ-тың қытай тарапымен бірлесіп жинаған жаңа буын ҰҰА-ның 4 түрінің демонстрациясын жасағанына қатысты дұрыс емес ақпарат орналастырылғанын хабарлайды.

Титулдық фотосуретте Қытайдың үлкен барлау пилотсыз әскери-өнеркәсіптік кешенінің бейнесі көрсетіліп, ұшқышсыз ұшу аппараттарын жасауда Қытай Түркия Республикасының Орталық Азиядағы бәсекелесі болғалы жатыр деген түсініктемелер келтірілген екен.

Осы жаңалықтар мақаласында пайдаланылған бастапқы фотосуреттің «ПАМЗ» АҚ-қа ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтеміз. Кәсіпорын жобасы- орман өрттерінің алдын алу, сондай-ақ ТЖМ және ІІМ желісі бойынша азаматтық қорғау мониторингі жөніндегі жоба. Айта кетейік, бұл әзірлемелертмен зауыттың қызметінің соққы барлау ҰҰА-ның өндірісімен ешқандай байланысы жоқ.

Сондай-ақ, демонстрация туралы ақпарат бұрын мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://ke.kz/press-center/news/4857/.

БАҚ, интернет басылым өкілдерін, әлеуметтік желілерді пайдаланушылар мен блогерлердің қоғамдық топтарын жариялау алдында кез келген ақпаратты тексеруге, барлық тараптардың ұстанымын нақтылауға шақырамыз. Барлық туындаған мәселелер бойынша «Қазақстан инжинирингке» ke@ke.kz электрондық поштасы арқылы немесе тікелей Басқарма Төрағасына t.abdrakhmanov@ke.kz поштасы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Кері қайту