Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Анонс: «Иннопром Қазақстан-2023» көрмесіне қатысу

25-27 қыркүйекте Астана қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығының аумағында алғаш рет «Иннопром Қазақстан-2023» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді.

Иннопром-білім алмасу және стратегиялық серіктестіктер орнату үшін таптырмас алаң болып табылатын халықаралық көрме.

«Қазақстан инжиниринг» Компаниялар тобына кіретін кәсіпорындар өздерінің азаматтық өндіріс өнімдерін ұсынады. Олардың қатарында «R&D орталығы Қазақстан инжиниринг» ЖШС, «ПАМЗ» АҚ, «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС және «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ.

Естеріңізге сала кетейік, көрменің мақсаты өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, инвестиция тарту, сауда ынтымақтастығын кеңейту және жаһандық тәжірибе алмасу болып табылады. Алаңда Қазақстан мен ТМД елдерінің негізгі өнеркәсіптік компаниялары, сондай-ақ ЕАЭО, Пәкістан, Түркия, Үндістан, Иран және т. б. елдердің жекелеген компаниялары ұсынылады.

Өтетін орны: «EXPO» ХКО, Мәңгілік Ел, 53/1;

«Қазақстан инжиниринг» көрме стенді: «EXPO» ХКО, Мәңгілік Ел, 53/1, № 25 көрме стенді;

Тіркеуге сілтеме: https://expo.russiaqazaqstan.ru/registration

Сізді Иннопром көрмесінің қатысушылары қатарында көруге үміттенеміз.

Кері қайту